Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген Су кодексінің жаңа редакциясына сәйкес су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы толығырақ 24KZ арнасының эфирінде ҚР СРИМ Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел айтып берді.