Су ресурстары және ирригация министрлігі Нидерланд мемлекетінің Дельфт су білімі институтымен (IHE Delft) су саласының мамандарын даярлау, су саласында ғылым мен инновациялық технологиялар бойынша өзара іс-қимыл жөнінде меморандумға отырды. Бұл туралы толығырақ 24KZ арнасының эфирінде Ғылым және инновация департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев айтып берді.