Бүгінгі таңда қала тұрғындарының 98%-ы, ауыл халқының 96.6%-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Үкімет алдағы екі жылда қазақстандықтарды 100% ауыз су жүйесімен қамтуды жоспарлап отыр. ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы Бұлан Тұрлыбеков «Atameken business» телеарнасының эфирінде топтық су құбырларын салу жұмыстары туралы айтып берді.