Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқарудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Су кодексіне және «Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының хаттамасына сәйкес әзірленді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылыы министрлігінен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су тарту, орман шаруашылығы саласындағы функцияларды тапсырумен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.
Осылайша, су ресурстарының сапасы мен саны республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты тікелей тәуелді кез-келген мемлекет үшін дамудың негізгі критерийлері болып табылады.
Осыған байланысты Тұжырымдаманың негізгі мақсаты елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдарын айқындау, әлеуметтік-экономикалық даму теңгерімін және судың нормативтік сапасының «тұрақты су пайдалану» талаптары деңгейінде су ресурстарын молықтыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Тұжырымдама заңнамалық базаны жетілдіруге, экономиканың су секторын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және су ресурстарын басқару мен су пайдалану жөніндегі мемлекеттің саясатына сілтеме жасайды.
Бұдан басқа, Қазақстан стратегиялық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерге БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру бойынша «Біздің әлемімізді қайта құру: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму саласындағы күн тәртібі» міндеттемелерін алды.
Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып, елдің су саласын трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріндегі Қазақстанның ұстанымын бекітуге ғана емес, сонымен қатар су ресурстарын бірігіп басқару тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа деңгейге шығару қажет.