Мемлекет: Қазақстан Республикасы
Жоба: «СУАРУ МЕН ДРЕНАЖДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ»
Күні: 2022 ж. 28 Маусым
Сектор: Инфрақұрылым
Сатып алу түрі: Сатып алу қызметі
Қаржыландыру тәсілі: Истисна
Қаржыландыру номері: KHZ0082
Келісімшарт нөмірі: KHZ/0082/83/CW-ICB/MC/3
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК «Ирригация мен дренажды қалпына келтіру» жобасы бойынша шығыстарды жабуға Ислам даму банкінен (ИДБ) қаржыландыру алды және «Алматы облысы Көксу ауданындағы ирригациялық жүйені қалпына келтіру» келісімшарты бойынша ақы төлеуге арналған қаражаттың бір бөлігін пайдалануды жоспарлап отыр.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК осымен «Алматы облысы Көксу ауданындағы ирригациялық жүйені қалпына келтіру» KHZ келісімшарты бойынша сауда-саттыққа заңды қатысушыларды шақырады KHZ/0082/83/CW-ICB/MC/3 мөрленген өтінімдерді жолдаңыздар.
- Сауда - саттық Ислам Даму Банкін қаржыландыру шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі ИДБ басшылығында (2019 жылғы сәуір) көрсетілгендей, ИДБ-ға (АХЖ) мүше елдер арасында Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес жүргізілетін болады және басшылықта айқындалғандай, сауда-саттыққа барлық құқылы қатысушылар үшін ашық болады. Сонымен қатар, IsDB-нің мүдделер қақтығысына қатысты саясатын белгілейтін 1.18-21 тармақтарын қараңыз.
- Тендерге қатысуға құқығы бар мүдделі тұлғалар жұмыс уақытында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін төменде көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-дан қосымша ақпарат алып, тендерлік құжаттамамен таныса алады.
- Тендерге қатысуға құқығы бар мүдделі тұлғалар тендерлік құжаттаманың толық жиынтығын ағылшын тілінде төмендегі мекен-жай бойынша жазбаша өтініш бергеннен кейін ала алады. Құжат Электрондық пошта арқылы жолданады.
- Өтінімдер төмендегі мекен-жайға 2022 жылдың 15 тамыз (жергілікті уақыт бойынша)
15:00 дейін жеткізілуі керек. Мөрленген өтінімдер осы уақытта қатысуға ниет білдірген конкурсқа қатысушылар өкілдерінің қатысуымен ашылады. Мерзімі өткен өтінімдер қабылданбайды және ашылмай қайтарылады.
- Барлық өтінімдер 205 000 АҚШ доллары (екі жүз бес мың АҚШ доллары) немесе 90 200 000 теңге (тоқсан миллион екі жүз мың қазақстандық теңге) мөлшеріндегі тендерлік кепілдікпен қоса берілуге тиіс.
- Мекен-жай:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» РМК
Кімге: Елжасов А., Бас директор
Мекен-жай: Мәнгілік Ел, 8, Қабат/Номер: 5 қабат – офис ГУП, 504
Қала: Нұр-Сұлтан, Индекс: 010000,
Мемлекет: Қазақстан Республикасы
Эл.почта: pmu_field@qazsu.kz
Веб-сайт: www.qazsu.kz.