Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі ақпараттық жұмыс секторының меңгерушісі (4-7), А функционалдық блогы
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Астана қаласы
B-3 (қолданыстағы) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-4, С-3, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Адам ресурстарын басқару
- Журналистика, қоғаммен байланыс
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін ақпараттық жариялау және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттары мен өзге де өтініштерін қарау; Кеңестің ақпараттық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру; Төрағаның, аппарат басшылығы мен қызметкерлерінің сұхбаттарды, конференцияларды, форумдарды қоса алғанда және өзге де ресми форматтар бойынша жария іс-шараларға қатысуын сүйемелдеуді қамтамасыз ету; Кеңестің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы өткізетін отырыстар мен Кеңестердің дайындалуына, отырыстар мен Кеңестердің хаттамаларын дайындауға және оларды таратуға бақылау жүргізу; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру және оның шешімдерінің орындалуын бақылау; Кеңес қызметінің ақпараттық жария етілуін қамтамасыз ету: Кеңес пен оның жұмыс органдарының қызметін, бұқаралық ақпарат құралдары үшін отырыстар мен өзге де ресми іс-шараларды жариялау бойынша баспасөз релиздерін және өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз ету, оның ішінде ақпараттық агенттіктер, баспасөз, радио, теледидар және интернет арқылы баспасөз релиздерін, хабарламаларды және басқа да ақпараттық және түсіндіру материалдарын жедел тарату; баспасөз конференцияларын, брифингтерді, сұхбаттарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен: журналистермен, телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің, интернет ресурстар мен баспа басылымдарының бас редакторларымен кездесулерді ұйымдастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кеңес өткізетін іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру; Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының – аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.08.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (офлайн форматта өткізіледі)
-
8 7172 75-16-19, 8 7172 74-99-21