Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (№5-2), А функционалдық блогы
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Астана қаласы
B-2 (қолданыстағы) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
798951
Жалпы біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-2, С-О-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басшылық лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Кеңес жанындағы Сот жюриінің отырыстарын дайындау және Кеңес жанындағы Сот жюриі отырыстарының хаттамаларын жүргізу; Қазақстан Республикасының Президенті мен Президент Әкімшілігінің атына жіберілетін Сот жюриі қызметінің мәселелері бойынша ақпарат жобаларын дайындау; Кеңестің қызметіне талдау жүргізу және бөлім құзыреті мәселелері бойынша судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктерін күшейту жөніндегі кеңес төрағасына тиісті ұсыныстар әзірлеу; кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекіту, Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамындағы өзгерістер туралы мәселелерді кеңес қараған кезде талдамалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау; Кеңес жанындағы Сот жюриіне қатысты тәртіптік істер мен материалдар қаралған судьялардың есебін жүргізу; келіп түсетін судьяларға қатысты тәртіптік істер мен материалдарды уақтылы тексеруге және зерделеуге бақылауды жүзеге асыру кеңес жанындағы Сот жюриінің қарауына; Кеңес Төрағасының, аппарат басшысының және оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 08.07.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберіс (офлайн форматта өтеді)
-
8 7172 75-16-19, 8 7172 74-99-21