Главный эксперт сектора по работе с обращениями на действия судей отдела обеспечения деятельности Судебного жюри аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан (№5-10), функциональный блок А.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Астана қаласы
B-5 (қолданыстағы) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес (депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлім секторының құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін ақпарат дайындау; судьялардың іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өткізілген жеке қабылдауларының есебін жүргізу; Бөлім секторының құзыреті мәселелері жөніндегі Кеңестің интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат дайындау; Бөлімнің құзыреті мәселелері бойынша Кеңес Төрағасының және мүшелерінің, Кеңес Аппаратының басшысының, Сот жюриінің төрағасының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастыру; азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштері мәселелері бойынша жеке қабылдауға анықтамалық және өзге де ақпаратты дайындау; Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының-аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының, сектор меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.05.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (оффлайн форматта өткізіледі)
-
8 7172 75-16-19