Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (№6-2), А функционалдық блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

B-2 (қолданыстағы) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі

Орташа лауазымдық айлықақы

798951

Жалпы біліктілік талаптары

   Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-2, С-О-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басшылық лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Заңнамаға сәйкес төрағаға, Кеңес мүшелеріне, аппарат қызметкерлеріне жалақыны, іссапар шығыстарын және басқа да төлемдерді уақтылы есептеу және төлеу; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды уақтылы жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, оның ішінде: мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау мен бекітуге және оған өзгерістер енгізуге, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыруға бақылау жүргізу; мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мен қосымша келісімдерді уақтылы тіркеуді, есепке алуды және олардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету; бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық және бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну; әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептермен және негіздемелермен алдағы үш жылға арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну; тиісті жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларды жасау және бекітуге ұсыну және оларға өзгерістер енгізу, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша; Кеңес төрағасының, Аппарат басшысының және оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.01.2025 – 09.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.01.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 75-16-19