Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және кадр резервін қалыптастыру бөлімінің бас сарапшысы (№1-5), А функционалдық блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-5 (күші жойылды) (27.12.2024) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

4) депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Адам ресурстарын басқару

Функционалды міндеттер

Кеңестің бос судьялық лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу жүргізуі; Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы судьяларды конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның отырыстарына материалдар дайындау; бос судьялық лауазымға орналасуға конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын олардың қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өңдеу және алдын ала қарау; қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін адамдарға құжаттарды қайтаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын алмаған адамдарға; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау; Кеңес ұсынған кандидаттардың судьялық лауазымдарына арнайы тексеру жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының – аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.11.2024 – 21.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 75-16-19