Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы (№2-5), А функционалдық блогы.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Астана қаласы
В-5 (күші жойылды) (27.12.2024) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
4) депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Адам ресурстарын басқару
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметінің мәселелері бойынша Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жүргізу; Кеңестің судья лауазымына біліктілік емтиханын өткізуін ұйымдастыру; Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау; судья лауазымына біліктілік емтиханына қатысатын тұлғалардың құжаттарын олардың қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өңдеу және алдын ала қарау; адамдарды біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу процесінде туындайтын мәселелер бойынша комиссия отырыстарына материалдар дайындау; судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға құжаттарды қайтаруды қамтамасыз ету; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау; біліктілік емтиханын тапсыру үшін кандидаттарға арнайы тексеру жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; судьялыққа кандидаттар үшін полиграфологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру; Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының – аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)
-
8 7172 75-16-19