Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты (№5-6), А функционалдық блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (күші жойылды) (27.12.2024) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің атына жіберілетін Кеңес жанындағы Сот жюриі қызметінің мәселелері бойынша ақпарат дайындау; Кеңес жанындағы Сот жюриі қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Кеңестің Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстауға, қамауда ұстауға не үй қамағында ұстауға келісім беру, оны әкелу, оған сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдану, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін қорытынды беру туралы мәселелерді қарау кезінде талдамалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау; Бөлімнің құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының жағдайы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін ақпарат дайындау; Кеңес жанындағы Сот жюриінің отырыстарын дайындау, оның ішінде Кеңес жанындағы Сот жюриі отырыстарының хаттамаларын жүргізу; Кеңес жанындағы Сот жюриінің қарауына түсетін судьяларға қатысты тәртіптік істер мен материалдарды тексеруді және зерделеуді жүзеге асыру; Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының – аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.11.2024 – 06.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 75-16-19