Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің бас сарапшысы (№7-4), В функционалдық блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-5 (күші жойылды) (27.12.2024) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулерін жұмыс тәртібімен пысықтау кезінде Үкімет аппаратында, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын қарауға қатысу; ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу заң жобалау қызметі мәселелері бойынша; құқықтық актілердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын, оның ішінде құқықтық насихат жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу; жартыжылдық қорытындылары бойынша Кеңестің және оның аппаратының нормашығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жүргізу және оның нәтижелерін хабардар ету: жоғары тұрған басшыға нормашығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен; қабылданған шаралармен әділет органына; Кеңесте және оның аппаратында құқықтық мониторинг жүргізу; құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағымдану құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және бөлім туралы Ережеге қоса берілген алгоритмді сақтай отырып, тиісті лауазымды адамға позиция енгізу; Кеңес қызметінің мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының отырыстарына, сараптамалық кездесулерге және өзге де жиналыстарға, кеңестерге, кездесулерге қатысу;Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының – аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.09.2024 – 11.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 75-16-19