Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің бас консультанты (№7-3), А функционалдық блогы.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Астана қаласы
В-4 (күші жойылды) (27.12.2024) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
441254
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулерін жұмыс тәртібімен пысықтау кезінде Үкімет аппаратында, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын қарауға қатысу; ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу заң жобалау қызметі мәселелері бойынша; құқықтық актілердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын, оның ішінде құқықтық насихат жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу; жартыжылдық қорытындылары бойынша Кеңестің және оның аппаратының нормашығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жүргізу және оның нәтижелерін хабардар ету: жоғары тұрған басшыға нормашығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен; қабылданған шаралармен Әділет органына; Кеңесте және оның аппаратында құқықтық мониторинг жүргізу; құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағымдану құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және бөлім туралы Ережеге қоса берілген алгоритмді сақтай отырып, тиісті лауазымды адамға позиция енгізу; Кеңес қызметінің мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының отырыстарына, сараптамалық кездесулерге және өзге де жиналыстарға, кеңестерге, кездесулерге қатысу;Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының – аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)
-
8 7172 75-16-19