Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қаржы бөлімінің бас сарапшысы (№6-4), В функционалдық блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-5 (күші жойылды) (27.12.2024) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлеу; мемлекеттік мүлік бойынша есептілікті белгіленген мерзімдерде жасауға және ұсынуға қатысу; өз құзыреті шеңберінде бухгалтерлік есепті жүргізу; өз құзыреті шеңберінде Кеңес пен Аппараттың тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алу шығыстары мен қажеттіліктерін қалыптастыру мен талдауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу; жүргізілген активтер мен қорларды түгендеу негізінде іс жүзінде бар Бухгалтерлік есеп деректері бойынша салыстыру ведомостарын жасау. Кеңес Төрағасының, Кеңес хатшысының – аппарат басшысы мен оның орынбасарының, бөлім меңгерушісінің және оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.09.2024 – 11.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 75-16-19