Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1 бірлік, блок А
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Астана қаласы
В-2 (күші жойылды) (27.12.2024) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
798951
Жалпы біліктілік талаптары
В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулерін жұмыс тәртібімен пысықтау кезінде Үкімет аппаратында, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын қарауға қатысу; ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу заң жобалау қызметі мәселелері бойынша; құқықтық актілердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын, оның ішінде құқықтық насихат жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу; кеңес пен оның аппараты әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жүйелі есебін ұйымдастыру; құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағымдану құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау бойынша бақылау жүргізу және тиісті лауазымды адамға құқықтық насихат бойынша бөлім туралы Ережеге қоса берілген алгоритмді сақтау; Кеңестің судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізу әдістемесін алдын ала келісу бойынша жұмысты үйлестіру; аппарат персоналын басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру бойынша бақылауды жүргізу; Аппараттың кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктерге қажеттілігін талдау және жоспарлау бойынша бақылауды жүргізу; аппараттың кадр құрамын қалыптастыру және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; Кеңес Төрағасының, аппарат басшысының, бөлім меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындау; Аппаратқа жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.zholmanov@vss.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1В кіреберісі (әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады)
-
8 7172 74-98-71