Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот жюриінің қызметін қамтамассыз ету бөлімінің бас консультанты, B-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;

5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Кеңестің жанындағы Сот жюриінің отырыстарын өткізуді дайындау; Сот жюриінің қарауына түсетін материалдарды қабылдауды және оларды өңдеуді ұйымдастыру; ұйымдық-кадрлық және Кеңестің қарауына енгізілетін басқа да мәселелер бойынша талдамалық және өзге материалдар дайындау; Сот жюриімен судьяларға қатысты материалдары қаралған есебін жүргізу; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, арыздары мен өзге өтініштерін қарауды қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.07.2023 – 24.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.07.2023

Сұхбаттасу орны

010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, №1В кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

75-16-79