Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру бөлімінің бас консультанты, B-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;
5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Инновациялық менеджмент
Функционалды міндеттер
Бөлім құзыреттілігіне жататын сұрақтар бойынша Кеңестің отырыстарын өткізуді дайындау; судьяларды конкурстық іріктеу бөлігінде Кеңестің қызметін қамтамасыз ету, оның ішінде бос судья лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын олардың қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өңдеу және алдын ала қарау; Кеңес жанындағы конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның отырыстарына материалдар дайындау; сот жүйесінің кадрлық мәселелері бойынша Мемлекет басшысының жарлықтары мен Парламенттің Сенатына ұсынымдарының жобаларын әзірлеу; Бөлімнің құзыретіне кіретін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; Кеңес судьялық лауазымдарға ұсынған кандидаттарға арнайы тексеру жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; судьялыққа кандидаттарды іріктеу тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; кадрлар тапшылығы байқалатын соттар, сондай-ақ адамдар көбінесе судья болып тағайындалуға ниет білдіретін соттар бөлінісінде талдау жүргізу; сот төрелігін іске асыруға жаңа кәсіби кадрларды тартуға бағытталған тетіктерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.kadry@vss.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, №1В кіребері
-
75-16-19