«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 14-2-тармағына және 59-бабына сәйкес:
1. 2025 жылы «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісіне жүктелсін.
4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.