Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 5-2-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
Төрағасы                                                                                  Д. Малахов

Дата публикации
05 июня 2025