«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 10-9/11 өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 10-9/11 өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген орындардың санын Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасымен келісім бойынша Академия ректоры магистратураның ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттарына бөледі.»

Дата публикации
02 июня 2025