1. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 1-8/54 өкіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған өкіммен бекітілен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімде:
В1 - жол келесі редакцияда жазылсын:
«
|
В1 |
1 |
Профессор, бас ғылыми қызметкер |
|
2 |
Доцент, жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы: бағдарламалар координаторы, зерттеу және халықаралық жобалар координаторы |
|
|
3 |
Аға ғылыми қызметкер |
|
|
4 |
Ғылыми қызметкер |
|
|
5 |
Кіші ғылыми қызметкер |
».
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі осы өкімнің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
Төрағасы Д. Малахов