Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 5-тармағы және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімнің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы                           Д. Малахов

Дата публикации
09 декабря 2024