Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

  "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 10) және 11) тармақшаларына сәйкес:

      1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидалары және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

      Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы                                                                                            Д. Малахов

Дата публикации
04 ноября 2024