Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру

Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған үш (Жоғарғы Соттың судьясы, кассациялық соттың судьясы, облыстық соттың судьясы) және басшы бес судьялық лауазымға (Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы, кассациялық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы, аудандық соттың төрағасы) кадр резервін қалыптастырады. Өзекті кадр резервін мына сілтеме бойынша қараңыз.

Кадр резервінде жұмыс көрсеткіштері жақсы, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеті бар жұмыс істеп жүрген судьялар тұра алады.

Біліктілік талаптарына сәйкес болып, тиісті білімі болған кезде кандидат бірнеше лауазым санаттары бойынша резервте тұра алады.

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды бағалау және іріктеу рәсімдері мен кезеңдерінің кезегі:
1) Кеңес кадр резервіне тұруға ниет білдірген адамдардан өтініштер қабылдау мерзімі туралы хабарландыру жариялайды (Кеңестің интернет-ресурсында жарияланады);
2) өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін судьяларды олардың қандай лауазымға кадр резервінде тұруға өтініш берсе, сол лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестеріне тексеру (Кеңес аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері жүргізеді);
3) біліктілік талаптарына сәйкес келетін адамдарды кадр резерві үшін бағалау және іріктеу рәсімдеріне жіберу (Кадр резерві жөніндегі комиссияның шешімі бойынша);
4) кадр резерві үшін бағалау және іріктеу рәсімдеріне жіберілген адамдардың тізімін мәлімет үшін және оларға қатысты жұртшылықтың пікірін қабылдау үшін Кеңестің интернет-ресурсында жариялау;
5) кадр резерві үшін бағалау және іріктеу рәсімдеріне жіберілген адамдардың тізімдерін облыстық соттарға, кассациялық соттарға және Жоғарғы Сотқа қоғамдық кеңестердің, судьялар қауымдастығының оларға қатысты қорытындыларын алу үшін жіберу;
6) кандидаттарды арнайы ақпараттық жүйенің цифрлық көрсеткіштер бойынша (судьялық жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесінің болуы, қоғамдық кеңестердің, облыстық соттардың жалпы отырыстарының оң қорытындылары және т.б.) бағалауы;
7) кандидаттарды Кеңестің тұрақты мүшелерінің бағалау критерийлері бойынша бағалауы (сот төрелігін іске асыру сапасы, мамандануы бойынша жұмыс өтілі, қоғамдық кеңестердің, облыстық соттардың жалпы отырыстарының теріс қорытындылары, басшы судьялық лаазымдар үшін – сондай-ақ;
8) Кадр резерві жөніндегі комиссияның кадр резервіне кандидаттарды іріктеуі;
9) Кадр резерві жөніндегі комиссия кадр резервіне алу туралы шешім қабылдаған адамдардың тізімін Кеңестің бекітуі.

Әрбір судьялық лауазым санатына қойылатын резервшілер саны шектелмейді және:

  1. кандидаттардың іріктеу кезеңдерінде жинаған балдары;
  2. нақты бос орынды қажет ету ескеріліп, белгіленеді.

Жоғары тұрған судья лауазымына кадр резервіне алынған адам онда – 3 жыл, ал басшы судья лауазымына – 5 жыл тұрады. Резервте болу өткеннен кейін не алдын ала сол мерзім өткенде дейін резервке тұруға қайтадан өтініш бере алады.

Бос судьялық орындарға конкурстарға қатысу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.

Кадр резервінен шығару негіздері:
1) резервте тұрған адамның өтініші бойынша;
2) ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдану жағдайларын қоспағанда, судьяның тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты;
3) судья қызметінен босатылуына байланысты;
4) облыстық сот төрағасы ұйымдастырған жеке жоспар бойынша арнайы дайындықтан өтуден бас тартқан жағдайда;
5) судьяның өзі сол судья лауазымына резервте тұрған немесе басқа жоғары тұрған не басшылық судьялық лауазымға тағайындалуына немесе сайлануына байланысты;
6) аудандық соттың төрағасы лауазымына кадр резервінде тұрған адам Кеңес оған ұсынған аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға іріктеуге қатысудан үш рет бас тартқан жағдайда.

Документы
Қағида
21 августа 2024
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру Қағидалары
Новости
Полезные материалы
КАДР РЕЗЕРВІ ТУРАЛЫ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы