Шығыс Қазақстан облысының геопорталы
Шығыс Қазақстан облысының геопорталыкаций
Геоақпараттық портал халыққа және бизнеске электрондық форматта қызмет көрсету үшін (техникалық шарттамалар беру) әзірленген. Ол құжаттарды қабылдау, тіркеу, өтініш берушімен тікелей байланыссыз қашықтықтан жұмыс режимінде қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, құжаттарды электрондық форматта ұсынуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, геопорталда «Жер учаскелерінің кадастрлық құнын онлайн бағалау» модулі орналастырылған. Модуль бизнес пен халыққа, жергілікті атқарушы органдарға онлайн режимде, өздігінен жер учаскесі бойынша бұрыннан бар бағалау құны, жалдау құны және жер салығы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ уақыт пен қаражатты үнемдеп, оны қызықтыратын, әлі берілмеген жер учаскесін қалыптастыруға, оның бағалау құнын, жалдау ақысының құны мен жер салығын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл жобаның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау функциясы да бар – шенеуніктер мен халық арасында байланыс болмауы, ақпарат алудың мөлдірлігі.
Жер аукциондары жөніндегі ақпаратты көрсететін қабат бар.
Сонымен қатар геопорталға «Электронды жерге орналастыру жобасы» модулі енгізілді. Ол жерге орналастыруды жобалау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. МЖК ААЖ деректер базасымен интеграциялау жерге орналастыру жобаларының өзекті базасын қалыптастыруға, жерге орналастыру құжаттары мен материалдарын ресімдеу мен беру мерзімін едәуір қысқартуға және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.