Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі №438 «Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Зайсан қаласы                                                                                                         город Зайсан

 

 

 

 

Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі №438 «Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды

ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі №438 «Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Зайсан ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

         1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Қоса беріліп отырған Зайсан ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

         көрсетілген қаулымен бекітілген Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Зайсан ауданының әкімі

 

А. Ахметсалимкызы

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 20.10.2026

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 40206 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Восточно-Казахстанской области - руководитель отдела Гулмира Закеновна Закенова, 02.10.2026 17:10:12, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 05.10.2026 16:07:02, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

"Зайсан ауданы әкімінің аппараты" ММ - Зайсан ауданының әкімі А. Ахметсалимкызы, 19.10.2026 15:11:13, положительный результат проверки ЭЦП

Жарияланған күні

28 қазан 2026 09:35

Жаңарту күні

28 қазан 2026

Түрі