Аудан әкімі тұрмыстық қалдықтар полигонын аралап, жұмыс барысымен танысты

Үлкен Нарын ауданының әкімі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барып, нысанның қазіргі жағдайымен және жұмыс барысымен танысты.
Бұл полигон – ауданның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды нысан. Сондықтан оның тиімді жұмыс істеуі мен санитарлық талаптарға сай болуы әрқашан басты назарда.
Сапар барысында жауапты мамандармен бірге полигон аумағын абаттандыру және экологиялық бақылау шараларына ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, жұмыстың тиімділігін арттыру, зиянды шығарындыларды азайту және бақылауды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы атап өткендей, қоршаған ортаны қорғау мен ауданның тазалығы – әрқашан басты басымдықтардың бірі болып қала береді.