Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі № 4/23-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу шешімінің жобасына жобасына баспасөз релиз.

Жоба Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 Қаулысы негізінде өзгерістер енгізу үшін әзірленген.

        Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жобаның мәтіні «Электрондық үкімет»  порталында  «Ашық  НҚА» бөлімінде орналастырылған

 https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15527194