#БЖЗҚ

Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары бір жыл ішінде 28 пайызға өсті
Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары бір жыл ішінде 28 пайызға өсті

1 сәуірдегі БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

 

2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.04.2021ж. мен 01.04.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 380,5 млрд теңгеге немесе 3,0% ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен  12,6 трлн теңгені (соңғы 12 айда өсім 2,6%) құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 376,6 млрд теңге (өсім 19,2%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,8 млрд теңге.

2022 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 84,6 млрд теңгеге көп қаражат салған. 2022 жылдың 1 сәуіріне қарай, салымшылардың шоттарына шамамен 383,5 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 28% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 94,9% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды –364,1 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім 28%), МКЗЖ бойынша 19,1 млрд теңге (өсім 38%) түсті, ЕЗЖ бойынша 304 млн теңге (өсім 87%) аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуірі аралығында бұл көрсеткіш 295,8 млрд теңге болды.

2022 жылдың 1 сәуіріне қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 868 993 бірлік. Одан әрі МКЗЖ-нан қалыптасқан шоттар – 562 481 бірлік, ал БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 69 188 бірлік.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 886,7 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 822,1 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 26,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,9 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 12,0 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 6,9 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 1,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,6 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 372 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 03.05.2022
Бес жыл ішінде БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарын 13,1 триллион теңгеге дейін қалай көбейтті?
Бес жыл ішінде БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарын 13,1 триллион теңгеге дейін қалай көбейтті?

2021 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтік даму cтратегиясын жариялады. Ілкідегі Корпоративтік стратегия 2017 жылы бекітіліп,ондағы БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері орындалған болатын. Бүгінгі жарияланымда  Қордың соңғы бес жылда атқарған жұмысына толығырақ тоқталамыз. Әрине, оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ өткен жылдардағы ең есте қаларлық оқиғаларды атап кетелік.

Даму стратегиясы қолданылған бес жыл ішінде зейнетақы жинақтарының көлемі 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 13,1 трлн теңгеге (ЖІӨ-нің 16,1%) жетіп, 5,3 трлн теңгеге немесе 68% ұлғайды. Осылайша, аталған кезеңде зейнетақы жинақтарының орташа жылдық өсуі ЖІӨ өсімінен асып түсті. Зейнетақы жинақтарының, сондай-ақ, зейнетақы жарналарының, инвестициялық табыстың, зейнетақы төлемдерінің және т. б. өсуі байқалады.

Зейнетақы активтерінің 2017-2021 жылдардағы жылдық орташа табыстылығы орташа жылдық инфляция 6,7% болғанда 9,6% құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) енгізілген сәттен бастап жинақталған кірістілік көрсеткіші 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған инфляция деңгейінен 1,2 есе жоғары болды (тиісінше, 681,13% және 546,77%).

2017-2021 жылдар аралығында жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар (МЗЖ бойынша бірегей салымшылар мен алушылар) саны 1,9 млн адамға немесе 20,9% артып, 10,9 млн адамға жетті. 2022 жылдың 1 қаңтарына жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 11,5 млн бірлікті құрады. ЖЗШ-ның орташа жылдық өсу қарқыны кезең ішінде 4%.

2021 жылы ЖЗЖ белсенді қатысушыларының саны (ЖЗШ-на бір жыл ішінде ең болмағанда бір МЗЖ түскен) 7 млн адамды немесе жұмыспен қамтылған халық санының 79,5% құрады. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, жұмыс істейтін халықтың жалпы саны – 8,8 млн адам.

Барлық жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот алғашқы жарна түскенде ашылады.  2021 жылы ерікті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ЖЗШ ашу  автоматты форматқа ауыстырылды. Ақпараттық технологиялар қызметтерін басқару жүйесінің сертификаттау аудиті және сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттау аудиті және т. б. сәтті өтті.

БЖЗҚ-ға сенім арту және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы білім деңгейіне қатысты көрсеткіштер назар аудартады. Атап айтқанда, «Қазақстанның зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметтері туралы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген респонденттердің үлесі» көрсеткіші мақсатты мән 63,5% болғанда 69,9%  құрады. Көрсеткіш базалық сауалдардың жауаптарына байланысты бағаланады. Бұл ретте әлеуметтік сауалнама базалық сұрақтар (базалық деңгей)  мен күрделі сұрақтарды (ілгері деңгей) да қамтыды. Бұдан басқа, халықтың БЖЗҚ-ға деген сенім индексі 79% жетті (мақсатты көрсеткіш 74%).

Сондай-ақ, Қор Қазақстан Республикасының заңнамасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды да жүргізді. Мысалы, 2018 жылдан бастап зейнет жасына жеткен тұлғаларға «Бір терезе» қағидаты бойынша тек Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінуге болады; салық салуда ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары мен пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді. 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылдың 20 желтоқсандағы Келісім күшіне енді. Келісімнің негізгі мақсаты – еңбекшілерге сол өздері жұмыс істеп жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматтарына тән шарт пен тәртіптегі зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады.

БЖЗҚ-ның алдыңғы бес жылдағы даму стратегиясын жүзеге асыру – БЖЗҚ салымшыларын (алушыларын) сапалы қызмет қана емес, лайықты төлемдермен қамтамасыз ету бағытындағы кезеңдердің бірі ғана екенін атап кеткен абзал.

 

Новости
Дата публикации: 22.04.2022
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?

Бес жыл – бұл айтарлықтай ұзақ мерзім емес. Алайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осындай қысқа уақытта салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, өз қызметтерінің едәуір бөлігін онлайн-кеңістікке көшірді. БЖЗҚ-ның түрлі қызметтерін дамытудың негізгі бағыттары Қордың 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясында жазылған болатын. Соған орай біз қызметкерлеріміздің қажырлы еңбегінің алдын ала қорытындысын жүргіземіз.

Корпоративтік стратегияда айқындалған зейнетақы қызметтерін дамыту мен сапасын арттырудың түйінді бағыттарының бірі – тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматын дамыту арқылы салымшыларды зейнетақы қызметтерімен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Бұл ретте Қор өткен жылдар барысында БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасы, e-gov порталы мен  мобильді қосымшасы, әлеуметтік желілер, т.б. арқылы түскен өтініштерді орындауға электрондық форматта көрсетілетін зейнетақы қызметтер ауқымын кеңейтті.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ қызметтерінің 93% астамын ыңғайлы әрі жедел электрондық форматта көрсетеді. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметін пайдалана алады. Мысалы, БЖЗҚ сайтында және мобильдік қосымшасында салымшылар кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алып, деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтамаға қол жеткізіп, 1 немесе 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне орай, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беріп, төлем алу туралы өтініштің мәртебесін қадағалай алады және т.б. Айта кетерлік жәйт, онлайн қызметтердің  шамамен 70% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген.

БЖЗҚ-ның электрондық қызметі мен қашықтан қызмет көрсету жүйесін дамыту мақсатында 2017-2021 жылдары ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейдегі банктер және т. б. мемлекеттік органдардың деректер базасы мен ақпараттық жүйелері біріктірілді. Осылайша, жасына байланысты төлем алуға өтінішті алдын ала тексеру; ЭЦҚ тексеру және жеке басын сәйкестендіру; ақпараттандыру, қызмет көрсету үшін бір реттік құпиясөзді жіберу; жасына байланысты төлем алуға тірелген өтініштерді қабылдау; белгіленген мүгедектік бойынша деректерді тексеру; азаматтардың жеке деректерін, куәландырушы құжаттар мәртебесін, өмірлік мәртебесін тексеру; зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттермен өзара іс-қимыл үрдісін саралау және құру; туыстық байланыс бойынша деректерді тексеру; трансфер-агенттік қызмет көрсетуді іске асыру және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілді.

Деректер базасын біріктірудің арқасында БЖЗҚ қызметтерінің 20%  астамы өтінішсіз қызмет көрсету форматында көрсетіледі. Мысал ретінде айтатын болсақ, оған міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашық ЖЗШ болмаса,  ол алғашқы жарна келіп түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Қолданыстағы құжаттың деректемелері мен салымшының тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті,  БЖЗҚ жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

Айта кетейік, салымшылар мен алушыларға қатысты мәселелерінің бір бөлігі қашықтан қызмет көрсету арқылы шешіледі. Қор мамандары: Call-орталық, "Chat2Desk" (WhatsApp, Telegram, Viber мессенджерлері және Facebook пен ВКонтакте әлеуметтік желілері), БЖЗҚ веб-сайты мен ұялы қосымшасы (кері байланыс қызметтері, онлайн-кеңесші, Басқарма төрағасының блогы) және т.б. байланыс арналары арқылы түрлі тақырып бойынша мәселелерді жылдам, әрі оңай шеше алады.

Кеңселерде ұсынылатын дәстүрлі қызмет көрсету түрлерін де ұмытпаған жөн. Карантиндік іс-шаралар мен оқшаулау кезінде жұртшылықтың көбінің біздің қызмет көрсету кеңселерінен ақпарат алғылары келгендері соншалық, шектеулер алына салысымен қарттар да, жастар да БЖЗҚ-ға ұмтылды. Айта кетейік, Қазақстан бойынша 176 қызмет көрсету кеңсесінен бөлек, Қор қызметтерін мобильді кеңселерден (бұл еліміздің шалғай ауылдары мен аудандарында тұратын салымшыларға қызмет көрсететін арнайы жабдықталған көлік құралдары), «мобильді агент» көшпелі топтарынан, сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ-ның 347 бөлімшесінен алуға болады.

Корпоративтік даму стратегиясының мақсат-міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде алдын ала жүргізілген дайындық іс-шараларының арқасында БЖЗҚ өз қызметін толыққанды көрсете білді. Бұл ретте Қор қызметкерлері мен салымшылары арасында COVID-19 коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қолайлы еңбек жағдайы мен қызмет көрсету шараларының сақталғанын атап өтеміз. Жалпы  карантиндік шектеулерді енгізу кезінде Қор қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына жедел көшті. Қор қызметі бір күн де тоқтамай, барлық зейнетақы қызметтері салымшылар мен алушылар үшін толық көлемде қолжетімді болып қала берді.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың басында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Оған сәйкес, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға кірмейтін емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқық берілді. Уақыт тығыздығы мен салымшылар арасында үлкен сұранысқа ие болғанына қарамастан, БЖЗҚ өзінің барлық қызметін үздіксіз, әрі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мемлекеттік органдар, уәкілетті оператор, кастодиан банктер, инвестициялық басқарушылар және салымшылармен өзара іс-әрекеттің техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық мәселелері жолға қойылды. БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат жинақтардың жалпы сомасын ғана емес,  жеткіліктілік шегі, қолжетімді сома, сондай-ақ, жеке табыс салығын бір рет және кейінге қалдырып бөліп төлеуді ескерген біржолғы төлем сомасы туралы мәліметтерді де қамтыды. Барлығы ЖЗШ үзінді көшірмесінде көрсетілгендіктен салымшының өз бетінше есептеу жүргізбеуіне болады.  БЗТ пайдаланған және пайдаланбаған жағдайдағы болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін түрлі сценарийлер бойынша есептейтін зейнетақы калькуляторы жаңартылды. Бұл салымшыларға зейнетақы жинақтарын дәл қазір пайдалану керек пе, әлде оны келешекте зейнетке шыққанда күнкөріс көзі етіп қалдырған жөн бе деген күрделі мәселені шешуге көмектеседі.

Барлық үдерістерді автоматтандырудың арқасында операторлар тарапынан да, БЖЗҚ тарапынан да өтініштер барынша қысқа мерзімде қарастырылды. Егер БЖЗҚ ережесіне сәйкес, өтініштерді орындауға 5 жұмыс күні берілсе де, іс жүзінде ол қысқа мерзімде ( 1-2 күн)  жасалды. Уәкілетті операторлармен бірлесе реттелген үдерістердің арқасында рәсімдердің басым бөлігі (тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге барлық қажетті құжаттарды ұсыну) уәкілетті оператор тарапынан «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылды. Инвестициялық портфельді басқаратын компаниялармен де үлкен жұмыстар атқарылды. БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялар туралы қажетті ақпараттан бөлек, ИПБ жинақтарын аудару қызметі де ұсынылды. Санаулы минуттың ішінде Қор салымшылары өз жинақтарын төрт ИПБ-ның біріне аудара алады.

Қорытындылай келе, өткен бес жылда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді сапалы зейнетақы қызметін көрсетуді негізгі мақсат пен міндет ретінде ұстанғанын атап өткен жөн. Қор қызметкерлерінің басты міндеті – діттеген мақсатқа жету мен қызметтер сапасын жақсарту болды. Қазіргі уақытта БЖЗҚ 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Корпоративтік даму стратегиясын қабылдап, оның шеңберінде басталған жұмыстар мен қызметтерді автоматтандыруды әрі қарай жалғастырып,  қызмет көрсетудің белсенді түрін дамытып, салымшылар және алымшылардың Қормен өзара іс-қимыл әрекетінде электрондық арналарды әрбір адамның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жетілдіре түсетін болады.

 

 

Новости
Дата публикации: 21.04.2022
5 сұрақ сәуір
5 сұрақ сәуір
  1. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан қаражатты қанша рет ала аламын?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында біржолғы зейнетақы төлемі – салымшының (алушының) заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы деп көзделген.

Сондай-ақ, заңда зейнетақы жинақтары – салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында ескерілетін, МЗЖ және МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер қамтылатын ақшасы деп белгіленген.

Егер ең төменгі жеткіліктілік шегі сіздің зейнетақы жинақтарыңызды пайдалануға мүмкіндік берсе, жеткіліктілік шегінен асатын біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы өтінішті шектеусіз рет бере аласыз.

 

  1. 2. Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматымын, ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба және оны қалай жүзеге асыруға болады?

Иә, әрине. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісімнің 3-бабына сәйкес, ЕАЭО елдері азаматтарының зейнетақы құқықтары зейнетақы жарналары есебінен сол өзіңіз жұмыс істейтін елдің азаматтарына тиесілі шарт пен тәртіпте қалыптастырылады.  

 Осы Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) да жатады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ЕЗЖ – ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашуға негіз болып табылады. ЕЗЖ мөлшері мен мерзімділігін салымшы өз ырқымен белгілейді.

Бұл ретте ЕЗЖ пайдасына жасалатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (Аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтер: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері, БЖЗҚ-ның өзге де мәліметтері мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алынды.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ  арқылы жүзеге асыруға болады. Кейбір ЕДБ жарналарды онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін ұсынады.

БЖЗҚ сайтында егжей-тегжейлі ақпаратпен танысуға болатынын хабарлаймыз. https://www.enpf.kz/ru/services/depositors/ipa/vpc.php)  .

 

  1. 3. Мен телефон нөмірімді өзгерттім. Енді телефонымдағы БЖЗҚ қосымшасына кіргім келеді. Құпиясөзді сұрап, оны маған SMS хабарлама арқылы ескі нөміріме жібергендіктен бұл SMS келмейді. Сондықтан БЖЗҚ деректеріндегі телефон нөмірімді қалай ауыстыруға болады?

БЖЗҚ қосымшасына,  enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетке» кірген кезде сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, Қордың базасында тіркелген нөмірге ғана SMS-код жібереміз.

Жеке деректерді жаңартудың екі әдісі бар:

- enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімшесін таңдап, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен парақшаға кіріңіз;

- БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесі арқылы.

 

  1. Өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алмаймын деп шештім, ендеше қандай тәуекел және мүмкіндіктер бар?

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі түрлі тәуекелден барынша қорғалатындай етіп құрылған. 23 жыл ішінде әлемдік экономикадағы бірқатар қаржылық дағдарыстарға қарамастан, ол тұрақтылықты сақтап қалды. Қазіргі уақытта  Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы алушыларға зейнетақы төлемдері құқығын иеленген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған сәттегі инфлиция деңгейін ескере отырып, сақталуына кепілдік береді. Егер зейнетке шығар алдында жинақтар инфляциядан төмен болса, онда бұл айырма БЖЗҚ-дан алғашқы зейнетақы төлемін алған кезде республикалық бюджет есебінен алушының пайдасына есептеледі.

Егер сіз зейнетақы жинақтарын пайдаланбас бұрын ескерілетін тәуекелдерді айтып тұрсаңыз, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу, ең алдымен, салымшының жеке зейнетақы шотының жай-күйіне, одан әрі оның болашақ зейнетақы төлемдеріне әсер ететінін атап өткіміз келеді. Азаматтардың зейнетақы жинақтарын есепке алу жеке жүргізіледі, және жинақтар дербес зейнетақы жарналарынан, инвестициялық кірістен және бар болған жағдайда оның дербес алымдарынан (немесе зейнетақы төлемдерінен) қалыптастырылады.

Қаперге ұстайтын жәйт, ЖЗШ-да жеткіліктілік шегі аясында қалатын қаражат салымшыны ең төменгі зейнетақыдан кем емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етеді. Бұл азғантай сома БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% болатын ең төменгі базалық зейнетақыдан құралады. Жеке зейнетақы шотында зейнет жасына жеткенде алушыны ең аз төлеммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті соманы сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептеледі. Сонымен қатар, лайықты зейнетақымен қамсыздандыру үшін тұрақты, уақытылы жарналардан, алынған кірістерден толық көлемде қалыптасатын жинақ болуы қажет.

Айтпақшы, Сіздің жағдайыңызда зейнетақы жинақтарыңыздың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға (ИПБ) аударуға болады. Яғни, тәуекелге бел буып, инвестор болуға, әрі көбірек табыс алуға  мүмкіндігіңіз бар. Әрі бұл ақша  келешекте зейнетақы шотыңызға қайта құйылатындықтан  оны жұмсалған  емес,  болашақта зейнетақы төлемдеріңізді алатын еселенген қаражат деп қарастырғаныңыз абзал.

Ол үшін басқарушының инвестициялық декларациясымен танысып, қаражатыңыздың қалай және қандай құралдарға инвестицияланатынын түсіну қажет. Қазір нарықта төрт ИПБ жұмыс істейді, олар туралы толық ақпаратты enpf.kz сайтынан таба аласыз.

  1. Қазір аннуитетті пайдаланудың мәні бар ма, болған жағдайда ол үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Зейнетақы аннуитеті – бұл сақтандыру ұйымымен жасалған шарт, оған сәйкес зейнетақыны белгіленген мерзімнен ерте алуға болады.

Шарт жасасу үшін БЖЗҚ-да ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем түспейтін төлемді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы қажет. Дәл есептеу сақтандыру ұйымында жүргізіледі.

БЖЗҚ-да жеткілікті мөлшерде зейнетақы жинақтары бар келесі санаттағы азаматтар ақшаны сақтандыру ұйымына аудара алады:

🔹 зейнет жасына жеткен;

🔹 45 жасқа толған (кейінге қалдырылған аннуитет кезінде);

🔹 мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

🔹 міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төлеген 40 жасқа толған азаматтар.

Бұл жерде түсіндіріп өтетін мәселе, кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті дегеніміз – зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына 45 жастан бастап аударуға және олардан ресми түрде зейнетке шыққанға дейін (ерлер 55 жасқа толғанда, әйелдер 52,5 жасқа толғанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетақы жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы 55 жасқа толғанға дейін) төлемдер ала бастауға мүмкіндік беретін өнім.

Бұдан әрі МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.

Егер ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, бұл айырма салымшыға (алушыға) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді. Немесе салымшы (алушы) қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына сақтандыру төлемдерінің және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшерін ұлғайтуға қатысты өзгерістер енгізу үшін, не сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.

Новости
Дата публикации: 12.04.2022
Екі ай ішінде БЖЗҚ салымшылары таза инвестициялық кіріс есебінен 522 миллиард теңгеден астам табыс тапты
Екі ай ішінде БЖЗҚ салымшылары таза инвестициялық кіріс есебінен 522 миллиард теңгеден астам табыс тапты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың  зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында инвестициялық табыс шамамен 522,3 млрд теңгеге өсті, бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе немесе 304,4 млрд теңгеге артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2022 жылдың басынан бері инфляция 1,5% болғанда 4,0% құрады. Бұл ретте соңғы күнтізбелік 12 айда инфляция 8,7% болғанда кірістілік 13,65% жетті.

Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.   

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,6 трлн теңгені құрады.  Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бері (1998 жыл) инвестициялық кірістілік 2022 жылдың 1 наурызына қарай өсу қорытындысымен барлық кезеңдегі инфляция 556,47% болғанда 712,36% жетті. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 наурызына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 155,90% көрсетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.

            Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 29.03.2022
БЖЗҚ-дан жаңа опция – заңды тұлғаның кабинеті
БЖЗҚ-дан жаңа опция – заңды тұлғаның кабинеті

БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл жолы Қор ыңғайлы және уақтылы шығатын «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы 2022 жылдың 18 наурызында БЖЗҚ-ның онлайн форматта «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі» тақырыбында өткен Ашық есік күнінде айтылды.

Бұл сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді және сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

«Ашық есік күні» іс-шарасында ____ -нан астам адам қатысты, олардың қатарында кәсіпорын басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес қатысушылары, сондай-ақ Қор салымшыларының басқа да санаттары бар.

Іс-шараның негізгі міндеті сәтті іске асырылды: салымшылар да, жұмыс берушілер де заңды тұлғаның жеке кабинетімен, заңды тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерімен, сондай-ақ салымшылар ретінде оларға қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру жөніндегі ақпаратты алды.

Кездесу орта және шағын бизнес бөлігінде жұмыс берушілердің, сондай-ақ оның ірі қатысушыларының үлкен қызығушылығына ие болды.

 

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Новости
Дата публикации: 24.03.2022
Хабарландыру – анонс
Хабарландыру – анонс

2022 жылдың 18 наурызында сағат 12:00 және 16:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның тақырыбы «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі».

Кәсіпорындардың басшылары мен бухгалтерлері, оның ішінде шағын және орта бизнестің басқа да қатысушылары шақырылады.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

 

Event- жиналыс:

«Ашық есік күнінің»

Күні мен уақыты:

18 наурызында күні сағат 12:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

18 наурызында күні сағат 16:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

Event- жиналыс адресі:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e06825188130e6338e36c03c7e8e27218

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2238a763751f1c1cf7673c330841d79c

Event- жиналыс нөмірі:

2515 935 2149

2514 659 9027

Event- жиналыс паролі:

m9A6

HEsU

 

 

 

Новости
Дата публикации: 15.03.2022
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі».

БЖЗҚ 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – салымшыларға заңды тұлғаның жеке кабинетімен, заңды тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерімен, сондай-ақ салымшылар ретінде оларға қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру жөніндегі ақпаратты ұсыну болып табылады.

Ашық есік күні Қор салымшыларының барлық санаттары үшін, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес қатысушылары үшін өткізіледі.

Іс-шараны өткізу барысында салымшыларға (алушыларға) заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады.

Сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді. Қазіргі уақытта сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

Сондай-ақ кездесу барысында жауапты қызметкерлер салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.        

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 18 наурызда сағат 12:00 және 16:00  онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі

 

Event- жиналыс:

«Ашық есік күнінің»

Күні мен уақыты:

18 наурызында күні сағат 12:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

18 наурызында күні сағат 16:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

Event- жиналыс адресі:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e06825188130e6338e36c03c7e8e27218

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2238a763751f1c1cf7673c330841d79c

Event- жиналыс нөмірі:

2515 935 2149

2514 659 9027

Event- жиналыс паролі:

m9A6

HEsU

 

           

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

Новости
Дата публикации: 14.03.2022
БЖЗҚ жұмыс берушілер үшін жаңа опцияны енгізді
БЖЗҚ жұмыс берушілер үшін жаңа опцияны енгізді

Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.

Бұл сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді және сервис міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

БЖЗҚ мамандары 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі» тақырыбында өтетін Ашық есік күнінде жаңа сервистің қалай жұмыс істейтіні жөнінде айтып беретін болады.

Кездесуге Қор салымшыларының барлық санаттары, ең алдымен ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің қатысушылары шақырылады.

Іс-шараны өткізу барысында enpf.kz сайтында заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады. Қордың жауапты қызметкерлері тұрақты жарналар арқылы зейнетақы капиталын қалыптастыру қажеттілігі туралы және бұл үдерістегі қызметкердің, сол секілді жұмыс берушінің рөлі туралы айтып береді, сондай-ақ салымшыларды қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша жеке кеңес береді. 

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет 2022 жылдың 18 наурызында сағат 12:00 және 16:00. Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу:

Event- жиналыс:

«Ашық есік күнінің»

Күні мен уақыты:

18 наурызында күні сағат 12:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

18 наурызында күні сағат 16:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

Event- жиналыс адресі:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e06825188130e6338e36c03c7e8e27218

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2238a763751f1c1cf7673c330841d79c

Event- жиналыс нөмірі:

2515 935 2149

2514 659 9027

Event- жиналыс паролі:

m9A6

HEsU

         

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Новости
Дата публикации: 14.03.2022
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бері зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 130,46 % құрады
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бері зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 130,46 % құрады

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бері зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 130,46 % құрады

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңге болды. Бұл қаражат зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Қаржы нарықтарындағы, оның ішінде Қазақстандағы және шетелдегі қаңтар айындағы саяси жағдайға байланысты тұрақсыздыққа қарамастан, 2022 жылдың бірінші айындағы таза инвестициялық табыс оң сипат алып, 10,6 млрд теңгеге жетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.

Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлінген 2021 жыл барысындағы таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл ішінде түскен жарналар мөлшерінен асып түсті (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік ҚР Ұлттық Банкінің басқаруымен былтыр жыл басынан бері 11,13% көрсетсе (бұл мерзімді банк депозиттері бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.   

Жалпы алғанда, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап (2014 жыл) Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 2022 жылдың 1 ақпанында 6,05 трлн теңгеге жетті, бұл қазақстандықтардың барлық зейнетақы жинақтарының 36,7%.  Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) инвестициялық табыстылық 2022 жылғы 1 ақпанда өсу қорытындысымен 681,75% құраса, барлық кезеңдегі инфляция 551,29%. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 130,46% жетті.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерін басқарушылар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ)) инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде экономиканың түрлі секторларындағы әр түрлі қаржы құралдарына, әр түрлі валюталарға орналастырады. Мұндай әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді. Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. құралады.

Нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке алынған кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Сондықтан инвестициялық қызметтің нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері әр түрлі болуы ықтимал.

Жалпы, ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етеді. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен алмастырылады.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Новости
Дата публикации: 01.03.2022