«Құрмет» ордені мемлекеттік наградасы!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жер Су» ЖШС директоры Людмила Дмитриевна Земляная жоғары мемлекеттік наградаға ие болды!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» ордені табысталды. Бұл марапат – көпжылдық еңбегінің, жоғары жауапкершілігінің, өз ісіне деген адалдығының және ауданымыздың дамуына қосқан зор үлесінің лайықты бағасы.
Кәсібилігі, табандылығы мен еңбексүйгіштігі көпшілікке үлгі боларлық жан. Оның еңбегі тек кәсіпорынның ғана емес, бүкіл туған өлкеміздің игілігіне бағытталған.
Людмила Дмитриевнаны осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Әр күніңіз қуанышқа, жаңа жеңістерге толы болып, еңбегіңіз лайықты бағалана берсін!