Ұлан ауданы ТЖБ-і ескертеді: мұз үстіне шығу қауіпті!

Ұлан ауданы  ТЖБ-і ескертеді: мұз үстіне шығу қауіпті!

Ауа райының құбылмалы болып тұруына байланысты ауданның су айдындарында мұздың қалыңдығы қалыпты деңгейден жұқа қалыпта. Осыған байланысты су айдындарындағы мұз осал, сол себепті шұңқырлар мен ойдым жерлер пайда болған, бұл тұрғындардың өмірі үшін қауіп төндіреді.

Мұз көп жағдайда балалардың өмірі үшін қауіп төндіреді. Ата-аналары мен үйдің үлкендерінің қарауынсыз қалған балалар қауіпсіздік шараларын білмегендіктен, су айдындарындағы мұз үстінде ойнайды. Мұндай немқұрайлылық қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.

Құрметті ата-ана! Балаларды өзенге жібермеңіз, өзен немесе көлдің үстіндегі мұзда жүрудің қаншалықты қауіпті екенін ескертіңіз. Балаларға қауіпсіздік шараларын айтып беріңіз, суда ойнауына тыйым салыңыз, тентектік жасауына жол бермеңіз.

Ұлан ауданы ТЖБ-і тұрғындарға өзінің және жақындарының өмірі үшін мұз үстіндегі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

-мұздың жұқа учаскелеріне шығуға;
- мұздың жекелеген учаскелерінде топ-топпен жиналуға;
- мұздағы шұңқырларға, ойықтарға жақындауға;
- автокөліктермен өткелдерден өтуге;
- түнгі уақытта мұз үстіне шығуға болмайды.
- тек жеке құтқару құралдары (шеңберлер, кеудешелер) болған кезде мұз астынан балық аулауға жол беріледі.

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і