Мемлекеттік гранттар

Мемлекеттік гранттар

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 АЕК дейінгі мөлшерде ұсынылады. Ауданға барлығы 27224,4 мың теңге 49 адамға бөлінді.

Бөлінген қаражат биылғы жылдың маусым-шілде айларына игеру жоспарлануда.

Бүгінгі күнде грант алуға 537 адам өтініш білдірген (147 адам көп балалы отбасылар, 29 жасқа дейінгі жастар 90 адам, 12 адам 2, 3 топ мүгедектер, 10 адам аз қамтылған отбасылар қатарынан, 253 жұмыссыздар мен 25 өз өзін жұмыспен қамтыған адамдар болып табылады).

Жұмыссыздарға, көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға гранттар беру кезінде қаражат алу бойынша жобаларды комиссиялық қарау қарастырылады.

Комиссия отырысы 2020 жылдың 15 маусымында К. Қайсенов кентінде, Абай даңғылы 5, № 126 мәжіліс залында өткізіледі.

«ШҚО Ұлан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ