«Электрондық үкімет» порталында басшыны өзгерту қызметі туралы

«Электрондық үкімет» порталында басшыны өзгерту қызметі туралы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалының
тіркеу және жер кадастры бойынша Ұлан ауданының бөлімі хабарлайды:
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлға
басшысының өзгергені туралы мәліметтер тіркеуші органның қатысуынсыз
электрондық хабарлама негізінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
автоматты режимде енгізіледі.
Құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде заңды тұлғаның
басшысы өзгерген кезде хабарлама заңды тұлғаның алдыңғы басшының
заңды тұлғаға арнайы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы
беріледі (ММИБ қоспағанда). Осы хабарлама жалпы жиналыстың
төрағасымен және хатшысымен олардың ЭЦҚ арқылы келісіледі.
Егер құрылтайшы жалғыз болса, онда келісу онымен жүзеге
асырылады.
Енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңды
тұлғаның өзі жауапты болады.