"Парасаттылық-сыбайлас жемқорлықсыз заманауи қоғамның кепілі"

2022 жылғы 22 ақпанда "Каменка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ – нде "Парасаттылық-сыбайлас жемқорлықсыз заманауи қоғамның кепілі" тақырыбында семинар өтті. Округ әкімі А. Б.Акрамов баяндама жасады, семинарға округ әкімшілігі, Каменка орта мектебінің директоры А. А. Қалижарова, Тройницкое негізгі мектебінің директорының орынбасары А. М. Муксинова, медицина қызметкері Н. М. Сүлейменова, мал дәрігерлік қызметінің меңгерушісі Т. Бәйтік және ветеринарлық санитар Касенова А. А. қатысты. Семинар соңында округ әкімі қатысушыларды өздерінің адамгершілік қағидаларынан ауытқымауға және кез келген жағдайда адами қадір-қасиетін сақтауға шақырды. Ол мемлекет пен қоғамның бірінші кезектегі міндеті — сыбайлас жемқорлық салдарымен күрес емес, оның алдын алу екенін атап өтті. Әр адам өзінен, сана мен менталитеттің өзгеруінен бастауы керек.