БЖЗҚ-дағы Ашық есік күндерінің баспасөз анонсы

2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 12:00 және 16:00 БЖЗҚ онлайн форматта «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін» Ашық есік күнін өткізеді. Іс-шараға қатысушылар Қордың жаңа цифрлық қызметтері, болашақ зейнетақыны болжамды есептеу мүмкіндіктері туралы біліп, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алады. Мысалы, соңғы жаңалықтардың бірі - Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:
- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
- қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі туралы толыққанды айтылатын болады.
Осы шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға кестедегі сілтемеге кіру керек. Содан соң event-жиналыс нөмірі мен құпиясөз енгізіледі.
|
Event- жиналыс: |
«Ашық есік күнінің» |
|
|
Күні мен уақыты: |
10 желтоқсанында күні сағат 12:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00) |
10 желтоқсанында күні сағат 16:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00) |
|
Event- жиналыс адресі: |
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e25cfa339580e37e362c44923b80d3369 |
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eabed58c25a4bc091e2567ce617d09068 |
|
Event- жиналыс нөмірі: |
2516 262 1808 |
2516 918 4290 |
|
Event- жиналыс паролі: |
aRVwT |
FFise |
Біз сізді күтеміз!