«Ұлан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Алия Аубакирова өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг өткізді.

🔰 «Ұлан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Алия Аубакирова
өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық жабдықтарының сапасы мен жұмысына мониторинг өткізді.
🔴 Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 4 автоцистерна бар. Өрт жайында қоңырау түскеннен кейін 1 минут көлемінде 2 автоцистерна өрт орнына дереу шығады.
📌 Штаб бойынша 33 адам, оның ішінде кезекке жеке құраммен 5 адам шығады. Дегенмен, жедел құтқару тобының әр мүшесі үзіліссіз жауынгерлік кезекшілікте болады.
❗️ 4 автоцистерна әр кезде су және көбіктендіргішпен жабдықталып тұрады. Жарық сигналы мен дыбыстық сигналдар да жарамды.
✅ Өрт орнынан келгеннен кейін 10 минутта автоцистерналар жанар жағармай және сумен толтырылып, жуылады.