Кітапхана әлеміне саяхат

2021 жылдың 4-ші маусымда Р.Мәрсеков атындағы орта мектепте оқитын 1-4-сынып оқушылары үшін аудандық орталық кітапханасында жазғы оқулар аясында «Кітапхана - кітап әлемі» атты экскурсиясы өтті.
Балалар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады, кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен танысты. Сондай-ақ, балаларға кітаптарды тиісті түрде өңдеу, кітаптарды таңдау және оқу залында қалай әрекет ету керектігі туралы айтылды. Балалар «кітапханаға жазылу», «оқу залы», «формуляр» дегеніміз не және қандай кітаптар кітапханада орналасқандығын білді. Іс-шараға арналған кітап көрмесінде электронды және аудио кітаптар жинағының әдебиеті, балаларға арналған жаңа кітаптардың презентациясы ұсынылды.
#2021Қазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы
#ҰланаудандықорталықтандырылғанкітапханажүйесіКММ
«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова