“Ұлан - адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Алия Аубакирова жол қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарына мониторинг жүргізді

📍 Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі және “Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары” бөлімінің қызметкерлері қатысқан бұл мониторингте жол белгілері, жол сызықтары және бағдаршамдардың бүгінгі күйіне ерекше назар аударылды.
📌 Ұлан ауданының жолдарында барлығы 904 жол белгісі бар. 2020 жылы 25 жол белгілері орнатылған, ол 504 000 теңгені құрады.
🎯 Бүгінде тозығы шыққан жол белгілерін жаңартуға және жол сызықтарын салуға бюджеттік тапсырыс әзірленген. Алдағы уақытта аталған жұмыстың іске асырылуы бақылауға алынады.