«Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру онлайн  байқауы

«Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру онлайн  байқауы

«Дарын» МКҚК 2021 жылдың 17-22 наурызы аралығында ұлттық мерекеміз Наурыз мейрамы аясында,   «Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру байқауын онлайн түрде өткізді.

Байқауға 9 ауылдық округтен 9 талапкер қатысты. Құрамында Ұлан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғазин Амангелді Серғазыұлы, әйелдер кеңесінің төрайымы Ахметова Гүлайым Қаусылқызы, «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Шакеров Болат Төлебайұлы, іскер әйелдер Ассоцациясы Ұлан аудандық филиалының төрайымы Ибраимова Алғиза Дүйсенбіқызы және Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Садықов Нұрхат Тоқтарханұлы бар қазылар алқасы қатысушылар жіберген бейне жазбаларды сараптап, бата мазмұнындағы тақырыптың аясын аша білу мен тіл шешендігін,мазмұны  мен ой тереңдігін, батаның берілу шеберлігін, тіл нормасының және сахна мәдениетінің сақталуын бағалап және бейне жазбаның  сапасын  бағалап, төмендегідей қорытынды шығарды:

3-орын Каменка ауылдық округінің үміткері Нуриев Арпабайға, 2-орын Аблакет ауылдық округінің 81 жастағы ақсақалы Сәукетаев Слямбекке және 1-орын Төлеген Тоқтаров округіген қатысқан 82 жастағы Ахметқалиев Жайырбек ақсақалға берілді. Ал байқаудың Бас жүлдесі Тарғын ауылдық округінен 70 жастағы Утепов  Шаймұхамед ақсақалға берілді.

Онлайн байқауға қатысқаны үшін  барлық аталарға алғыс айтамыз және байқаудың жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!