Мобильді топтың жұмысы

Мобильді топтың жұмысы

Ұлан ауданының әкімі Н.А. Сақтағановтың өкімімен Сovid-19 бойынша санитарлық-профилактикалық іс — шаралардың сақталуын бақылау мақсатында аудан бойынша 7 мониторингтік топ құрылды, олардың құрамына әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдері - СЭС қызметкерлері, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдардың өкілдері, полиция бөлімінің қызметкері кірді.

Мониторингтік топтардың негізгі мақсаты - Сovid-19 пандемиясының таралуының алдын алу.

Мониторингтік топтардың барлық мүшелері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қараша айында ауданда 19 рейд өткізіліп, 218 нысан қамтылды және 23 ереже бұзған адамдар анықталды. Мониторингтік топтардың қатысушылары рейдтерді өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарады. Шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты Ұлан ауданының барлық тұрғындарынан санитарлық– эпидемиологиялық нормаларды сақтауын сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!