«Ауылды елді-мекендерде шөптерді жинаудың ережелері»

«Ауылды елді-мекендерде шөптерді жинаудың ережелері»

101 хабарлайды!

Жем-шөптердің жану салдары аса көп материалдық шығындар әкеледі.Тұрғындар малдарына жем-шөп дайындау үшін жаз және күз айларында тер төгіп еңбек етеді. Көп күнгі еңбектің санаған минуттарда отпен жойылуы өте өкінішті болады.

Ұлан ауданының аумағында да жем-шөптердің жану оқиғалары аз тіркелмеді.Ағымдағы жылдың басынан 13жем-шөп өртену оқиғасы тіркеліп, өрттен 496 тонна жиылған шөп жойылып, жалпы 4 340000 тенге шығын әкелді.

Шөптерді жинау, сақтау кезінде өрттердің шығуына негізгі себептер:үлкендердің және балалардың абайсызда өрт шығарып алуы, трактор мен комбайндардан шығатын ұшқындар, қасақана өрт қою.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардан шөптерді жинау мен қолдану кезінде төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:

Тұрғын үйдің ауласында шөптерді ғимараттардан және басқа да шаруашылық құрылыстардан 15 метр қашықта жинау керек.Жоғарыда көрсетілген қашықтықта шөптерді жинау мүмкін болмаса, шөп жиналған орынды сыйымдылығы 500 литр болатын ыдыста сумен қамтамасыз ету арқылы арақашықтықты 5 метрге дейін қысқартуға болады.

Рұқсат етілмейді:

1)шөптерді қораның және басқа да шаруашылық құрылыстарының төбелеріне жинауға;

2электр сымдарының астына шөптерді жинауға;

3) жиналған шөптен участоктың сыртқы қоршауға дейінгі арақашықтық 3 метрден кем емес болуы керек;

4)отау шөптерді көше, жолдардың бойларында, тұрғын үйлердің учаскілерінен басқа орындарда сақтауға.

 

Ұлан ауданының ТЖБ