«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

Таврия, Каменка, Егінсу ауылдық округтерінде және Асубұлақ кентінде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында анықталған кемшіліктерге байланысты аппараттық кеңес өткіздім. Кеңеске бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері (Zoom арқылы) және квазимемлекеттік ұйымдардың директорлары қатысты.
Кеңесте Бағдарламаны іске асырудағы кемшіліктер талқыланып, ауылдық округ әкімдеріне ескертулерді орындау мерзімдері мен сапасына қойылатын талаптарды сақтай отырып, жедел жою тапсырылды.
Сонымен қатар, Донское, Мамай Батыр, Привольное және Ұлан ауылдарындағы ойын алаңдарының жай-күйі мәселелері қаралды. Аталған ауылдарда анықталған кемшіліктер жойылуы тиіс.
Бұдан басқа, Азовое, Жаңа Қанай, Желдіөзек ауылдарында жолдарды ағымдағы жөндеу, білім беру мекемелерін көмірмен қамтамасыз ету және Шалқар көлінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы жас көшбасшыларының кездесуін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Барлық аталған мәселелер жеке бақылауымда, ауылдық округ әкімдеріне және бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.