«Ұлттық қор – балаларға»: 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәмелетке толған қазақстандықтардың қаражатты пайдалану қорытындылары

 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор)  нысаналы жинақ алу бойынша 205 505 өтінішті орындады. Жалпы сомасы 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді.

 Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 19,69 млн АҚШ долларына 127 445 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 11,92 млн АҚШ долларына 78 060 өтініш қанағаттандырылды.

Дата публикации
09 января 2026