Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың, сонымен қатар коммерциялық және өзге де мекемелерде басқару функцияларын атқаратын адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.
Құрметті азаматтар!
Біздің қызметіміз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын туғызуға бағытталған.
Сондықтан біз Сіздермен бірлесе отырып, екіжақты тиімді, ұзақ мерзімді және ашық қызмет етуге аса көңіл бөлеміз.
Егер Сізге лауазымдық адамдардың заңда көзделмеген әркеттері туралы, заң бұзушылықтары мен теріс қылықтары туралы белгілі болған жағдайда төменде көрсетілген байланыс телефондарына бірден хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ақпараттарды алу барысында толығымен жасырындылық режімі сақталады.
23.08.2012 жылғы №1077 Үкімет қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес бір реттік ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қолдау көрсеткен жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.
Сыбайлас жемқорлық деректері туралы Сіз қалай хабарлай аласыз:
- Сall-center – 1424 хабарлау.
8 (7232) 29-88-88 сенім телефонына хабарласу
eOtinish.kz порталы арқылы ресми өтініш жолдау немесе Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне хабарлау: Өскемен қаласы, Лихарев, 2 көшесі.
Хабарламаны kense@anticor.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауыңызға болады.