Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Дарын» МКҚК-ның 2024 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

2024 жылы Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің жылу жүйесін  ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 645 983 мың тенге қаражат бөлініп,  2024 жылдың қараша айында жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, сыртқы, ішкі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 240 000 000 ПСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, биыл Ұлан ауылдық клубын жөндеу үшін  94 144,0 мың теңгеге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, эксплуатацияға берілді.

 2024 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысын қолдау және дамыту  үшін 354 484,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде мәдени-көпшілік шараларды өткізуге 7,0 млн. теңге бөлінді.  Ал 2023-24 жылдары материалдық техникалық базаны нығайтуға қаражат бөлінген жоқ.

Аудандағы 22 клуб мекемесінің 17-сі музыкалық дыбыс ұлғайтқыш аппаратурамен қамтамасыз етілген, ал 5-інде музыкалық аппаратура жоқ.

Аудан бойынша  1430 адамды қамтитын 107 үйірме бар. Оның ішінде 27 шығармашылық ұжым бар, оның  8-інің «халықтық», 1 ұжымның «үлгілі» атағы бар.Олар:

-Таврия ауылдық Мәдениет үйінің орыс әндері хоры;

- аудандық Мәдениет үйінің «Бескөл» фольклорлық  ансамблі;

-«Ұлан» халық театры;

-«Тамаша» әзіл-сықақ театры;

-Айыртау ауылдық клубының «Надежда» вокалдық тобы;

-Айыртау халық театры;

-Донское ауылдық клубының «Перезвон» ансамблі;

-Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің «Жастар» би ұжымы

-аудандық мәдениет үйінің «үлгілі» атағы бар «Щелкунчик» балалар театры.

Ауданның клуб мекемелері  2024 жылы барлығы  1312 мәдени көпшілік шара өткізіп, 137147 адамды қамтыды.

Ауданның мәдениет қызметкерлері мемлекеттік мерекелермен қоса, Ұланның тумасы, жазушы Мүсілім Құмарбекұлының  туғанына 85 жыл,     Кеңес Одағының Батыры Т.М. Клименконың 105 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры В.А. Колесниковтың 100 жылдығы, Ұлан ауданының тумасы, көрнекті сыншы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шериаздан Елеукеновтың 95 жылдығы, қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы, Қазақстанның Халық  жазушысы, ақын Ф. Оңғарсынованың  85 жылдығы,    Әкелер күні, Абай күні, Қарттар күні, «Шығыс салбурыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі, Шығыс Қазақстан облысы аудан мен қалаларының «Туған ел-алтын бесігім» атты жобасы аясындағы Ұлан ауданының Өскемен қаласындағы мәдени күндеріне арналған концерт және  тағы басқа да ауқымды шараларды ойдағыдай өткізді.

Қаңтар айында Таврия, Герасимовка, Привольное, Гагарино, Украинка ауылдық клуб мекемелерінде дәстүрге айналған Славян халықтарының Рождество, Крещение мейрамдары өткізілді.

Аудандық мәдениет үйі мен аудандық кітапхана қызметкерлері «Айыртаудың ардақты ұлы» атты Ұланның тумасы, жазушы  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты Мүсілім Құмарбекұлының 85 жасқа толуына арналған әдеби кеш өткізді.

20 наурыз күні Аудандық мәдениет үйінде «Ұлан аруы – 2024» аудандық сұлулық байқауы өтіп, Каменка ауылдық округінен келген Қуаныш Күншуақ жеңіске жетті.

14-21 наурыз күндері ауылдық клубтарда Наурызнама бойынша Көрісу, Қайырымдылық, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, Шаңырақ, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт, Ынтымақ күндері өткізіліп, 22 наурызда Жыл басы –Наурыз мерекесі тойланды.

5 сәуір күні «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Дарын» МКҚК, халық арасынан таланттарды іздеп табу, олардың шығармашылығын дамыту,  үлкен сахнаға бағыттап, жоғарғы деңгейге көтеру мақсатында аудандық «Екі жұлдыз» хит әндер байқауын өткізді.

23 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде, «Дарын» МКҚК мен аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Қазақтың қайсар ұлы – Қасым батыр» атты, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті, жазушы, жерлесіміз,  Қасым Қайсеновтің туған күніне орай, тарихи танымдық кеш өтті.

Мамыр айының 21 күні Аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға өнерімен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастыруда ұзақ жылдар еңбек еткен 30-дай мәдениет саласының ардагерлері шақырылды. Шақырылған қонақтарға Ұлан ауданы әкімінің Алғыс хаттары табыс етіліп, бір қатар мәдениет қызметкерлері «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат  қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

 9 қазан күні Аудандық мәдениет үйінде «Нан - тіршіліктің нәрі» атты Дүниежүзілік Нан күніне арналған мереке өтті.

15 - 16 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы аудан мен қалаларының «Туған ел- алтын бесігім» атты жобасы аясындағы Ұлан ауданының мәдени күндері өтті.  15 қараша күні «Ертіс концерт» залында аудан өнерпаздарының  концерті болды. Концертке 182 өнерпаз қатысты. Ұлан ауданы бұл байқауда  «Өнерге талпыныс» номинациясы мен 5 000 000 теңгенің сертификатына ие болды.

Аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 25-26 желтоқсан күндері аудан әкімінің аудан балаларына және мүмкіндігі шектеулі балаларға  арналған жаңа жылдық шыршасы өтті.

 

Мәдениет саласындағы  жетістіктер

2024 жылы мәдениет саласында атқарылған іс-шараларды қорытындылай келе, жыл бойында жеткен жетістіктерге келетін болсақ, Ұлан ауданының өнерпаздары, Өскемен қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысы аудан мен қалаларының «Туған ел- алтын бесігім» атты жобасы аясындағы Ұлан ауданының мәдени күндерінде «Өнерге талпыныс» номинациясы мен 5 000 000 теңгенің сертификатына ие болды.

Айтыс ақындары мен жыршы - термешілердің халықаралық одағының мүшесі, ҚР авторлар қоғамының мүшесі, облыстық, аудандық ақындар айтысы және жыр мүшәйраларының жүлдегері әнші, термеші, ақын, мүмкіндігі шектеулі азамат  Абзалханов Нұрболат Мәжитұлы облыстық «Шексіз шығармашылық» атты фестивальге қатысып, 100,0 мың теңге сертификатқа ие болды.

 

2025 жылғы төмендегі айтулы даталарға арналған мәдени –көпшілік шаралар жоспарлануда:

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы

Ұлы Абайдың 180 жылдығы

Қазақ хандығының 560 жылдығы

Алтын орданың 755 жылдығы

Әл Фарабидің 1155 жылдығы

Міржақып Дулаттың 140 жылдығы

Шоқан Уалихановтың 190 жылдығы

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Шәмші Қалдаяқовтың  95 жылдығы

Нұрғиса Тілендиевтың 100 жылдығы

Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаровтың  105 жылдығы

Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосыновтың 100 жылдығы

Кеңес Одағының Батыры И.И. Варепаның  115 жылдығы

Документы
Есеп
01 марта 2022
«Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
"Ұлан ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Ақпарат
09 января 2022
«Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру барысы бойынша Ұлан ауданында 2021 жылдың 9 айы көлемінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Ақпарат
20 октября 2021
«Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру барысы бойынша Ұлан ауданында 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
«Дарын» МКҚК-ның 2024 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту  мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы бойынша Ұлан ауданында 2019 жылғы 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Медиагалерея
4
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру барысы бойынша Ұлан ауданында 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы