Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2024 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Өңдеу саласы

Ұлан ауданы бойынша 2024 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 67347,2 млн.теңгені құрады (2023 жылы 60233,9 млн. теңге). Өсу қарқыны-111,8%, НКИ – 106,5%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 59744,5 млн. теңгені құрады (2023 жылы 54236,9 млн.теңге). Өсу қарқыны 110,1%, НКИ - 106,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібі 386,0 млн.теңгені (2023 жылы 335,2 млн. теңге), өсу қарқыны – 115,1%, НКИ – 93,8 есе құрады.

Ауданда тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің 4 ірі кәсіпорны тіркелген. Оның ішінде 1 кәсіпорын сүт өнімдерін өндірумен, 1 қымыз өндірумен,                    1 кәсіпорын тауық еті өнімдерін өндірумен, 1 кәсіпорын жарма өндірумен айналысады. Ауданда 9 шағын наубайхана бар.

2024 жылы құс етін өндіру көлемі 65835,2 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61025,1 тоннаны құрады, бұл 4810,1 тоннаға артық. Сүтті өңдеумен 1 кәсіпорын айналысады.

«Багратион Ұлан» ЖШС-де кәсіпорынның жүктемесі 59,8% құрайды. Күніне халық пен шаруа қожалықтарынан 15 тоннаға дейін сүт қабылданады. Сүт өнімдерінің 33-тен астам түрін(сүт, ірімшік, май, қаймақ, сүзбе, айран, йогурт, қатық, құрт, нанолакт, сүзбе массасы) шығарады.

 

Шағын бизнес

2024 жылы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2593 бірлікті құрады. ЖК-1065, ШҚ-1254 , ЖШС-274.

Ағымдағы жылы Ұлан ауданында Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ШОБ саласында қаржылық қолдау көрсетілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 179,3 млн.теңге несие сомасына 10 жоба іске асырылды.

Құнсыздану

Азық-түлік бағасын тежеу мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлер арасында 147 меморандумға қол қойылды (негізгі қажетті тауарға 15% үстемеақы туралы). 2024 жылы барлығы 97 жәрмеңке өткізілді,  537,5 млн.теңгеге өнім сатылды.

Өңірдегі туризмды дамыту туралы

        Аудандағы туризм саласы жағажай, мәдени-танымдық, сауықтыру және спорттық-әуесқой балық аулау түрлерімен ұсынылған.

        Анықтама үшін: 2024 жылғы статистикалық деректер бойынша туристер саны 13,7 мың адамды құрады, орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 260,9 млн. теңге мөлшерін көрсетті.

        Ағымдағы жылдың мамыр айында жерлесіміз Тойбазаров Мұхтар Серікұлының бастамасымен «Altai Fest» Қызылтас (Сорокин) тауына шығу фестивалі өткізілді - оған 600-ден астам адам қатысты (оның ішінде туроператорлар арқылы турпакеттер сатып алған 450 турист), қатысушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты.

        Бозанбай ауылында ауылдық этнотуризм табысты дамуда, қонақ үйлер мен этно үйлер (көшпенділер үйлері) бар. Туристерге этно-үйлерде ұлттық мәдениет, дәстүрлермен әдет-ғұрыптарды таныстырып қызмет көрсетіледі.

        2021 жылы қонақүйлердің иелері Мукай Нагима, Ошан Шакарман және Абдулла Кульджи туристік қызметті дамыту бойынша оқу курстарынан өтті, сондай-ақ ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоғамдық қоры арқылы грант алды.

        Привольное, Алғабас ауылдарында және Аблакет ауылдық округінде жол бойындағы қызметтерді дамыту үшін 3 санитарлық-гигиеналық торапты орнатуға аудан бюджетінен сомасы 20,2 млн. теңге қаражат бөлінді, сондай-ақ Алматы тас жолында 1 санитарлық-гигиеналық торап "Қазавтожол" АҚ орнатылды.

        Келесі жылы облыстық бюджет есебінен Тарғын ауылындағы Өскемен-Самар жолының бойында «КЭМОНТ» АҚ эскиздік жобасы бойынша санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарлануда.  Жобаның ерекшелігі, жол бойындағы кешен ішінде жолаушыларға арналған кафе болады.

        Туризмді одан әрі дамыту шеңберінде өңірде «Ақбаур» және «Аблайкит» Тарихи кешендерінде туристер үшін қонақ үйлер мен этно-киіз үйлер орнату, атпен және жаяу серуендеу үшін туристік маршрут құру (өңірдің тарихымен, ұлттық дәстүрімен, қолөнерімен және ұлттық тағамдарымен танысу үшін гид маманын тарту) жоспарлануда. Турпакеттер әртүрлі қызығушылықтар мен бюджеттерге бейімделеді.

        Шалқар көлінде қысқы демалыс түрлерін дамыту жоспарлануда (жылы павильондар, ыстық тамақ, қысқы спорттық жабдықтарды жалға алу). Жазда көлде муниципалды жағажай жұмыс істейді.

        Жыл сайынғы «Шығыс салбұрыны» халықаралық фестивалі жалғасады, оған Қазақстанның басқа облыстары мен шет елдердің бүркітшілері қатысады. Осы спорт түрін дамыту мақсатында Бозанбай ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) ғимаратында орналасқан ұлттық спорт түрлеріне оқыту орталығын ашу жоспарлануда.

        Болашақта Дұбығалы және Шыбындыкөл көлдеріне, «Аюда» демалыс базаларына және «Аблайкит» тарихи кешеніне автомобиль жолдарын жөндеу, сондай-ақ Дұбығалы және Шыбындыкөл көлдерінің жағалауларында орналасқан туристік объектілерге мобильді байланыс пен Интернетті қосу жоспарлануда.

Документы
НҚА жобасы
28 февраля 2024
«Ұлан ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ұлан ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесiн бекіту туралы
НҚА жобасы
27 февраля 2024
«Ұлан ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ұлан ауданының аумағында бөлшек салық ставкасының мөлшерін төмендету туралы
Есеп
01 марта 2022
«Ұлан ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі
"Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"ММ қызметі туралы есеп 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
Новости
Полезные материалы
Ұлан ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы
Ұлан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы жобасы
2024 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы