«Мектепке жол» акциясы аясында.
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» ұжымы балаларға мектеп сөмкелерін табыстап, оқушыларға қуаныш сыйлады.
Барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, жақсы көңіл-күй және білім жолында биік жетістіктер тілейміз! ✨
Тарғын ауылдық округіне қарасты І. Айтықов ауылында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындарына санитарлық тазалықты сақтау, тұрғын үйлердің ауласы мен көше бойын таза ұстау, бойлап өсіп кеткен арамшөптерді уақытылы шабу қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, төрт түлікті есепке алу мен бақылауды жеңілдететін «Төрт түлік» мобильді қосымшасын жүктеу және пайдалану тәртібі жөнінде ақпарат берілді.
Тарғын ауылдық округіне қарасты Жоғарғы Тайынты ауылында ауыл тұрғындары мен аудандық коммуналдық мекеме өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды. Коммуналдық мекеме мамандары қазіргі ахуал мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, ауылдағы су жүйесін тиімді пайдалану, су есептегіш құралдарын орнатудың маңыздылығы және ауыз суды ұқыпты пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, округ әкімі Г.Аманов тұрғындарға бірқатар өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📱 «Төрт түлік» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері мен оны пайдалану тәртібі;
🛡️ мал ұрлығының алдын алу, қараусыз мал жібермеудің маңыздылығы;
🧼 санитарлық тазалықты сақтау, аулалар мен көше бойын таза ұстау, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысу қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
#ТарғынАуылдықОкругі #ЖоғарғыТайынты#ТазаҚазақстан #ТазаАуыл #ШҚО ҰланАуданы БіргеТазаҚазақстан
Ағымдағы жылдың 28 шілдеден бастап 15 тамыз аралығында, Ұлан аудандық әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурсқа өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.
"Жалынды жастар-жарқын болашақ" дөңгелек үстел. Білімді жастар - жарықын болашақ бастауы. Қарыштап өсу, өрлеу мен өркендеу жолында өршіл, жігерлі терең білімді, қажыр-қайраты мол, белсенді әрі беделді жастар зор жетістіктер мен толайым табыстар, жаңашыл бастамалар мен озық идеялар жаршысы болмақ.
Округ аумағында "Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік өтті.
Тарғын ауылы Нургалиев көшесіндегі арық шетіне қызыл судың алдын алу мақсатында, құм салынған қапшықтар төселді.
Бүгінгі күні әкімшілік қызметкерлеріне әлеуметтік көмек туралы түсіндірілді.
Тарғын ауылында көше жарығына жөндеу, шырақтарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.