Архивтер және құжаттама бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, (№01-44-02), (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 8 мамырға дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне дейін), «А» функционалды блогы
Цифрландыру және архивтер басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
282306
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Облыстық ведомстволық бағынысты мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады (өз бөлігінде); сараптамалық-тексеру комиссиясының отырыстарын ұйымдастырады, оның қызметін хаттамалайды, сараптамалық-тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, сараптамалық-тексеру комиссиясының қарауына келіп түсетін материалдарды тіркейді және олардың таратылуын ұйымдастырады; салалар бойынша мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды сақтау жай-күйін кешенді тексеруді жүзеге асырады, сонымен бірге Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің архив ісі және құжаттаманы басқару істері комитетіне 1-ші және 2-ші жартыжылдықтағы тексеру қорытындылары бойынша жиынтық ақпаратты жасайды және жібереді; «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспардың орындалуы бойынша архив мекемелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің архив ісі және құжаттаманы басқару комитетіне жоспарлы-есепті құжаттаманы (өз бөлігінде) жасау жөніндегі жұмысқа қатысады; облыс аумағында архив ісінде және құжаттануда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс шараларға қатысады; ведомстволық бағынысты басқару мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді (өз бөлігінде) жүзеге асырады; «Е-архив» ақпараттық жүйесінде жұмысты жүзеге асырады; Шығыс Қазақстан облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінен және алыс және жақын шет елдердің зейнетақы қорларынан келіп түскен сұрауларды қарайды; цифрландыру және архивтер саласындағы «Е-Өтініш» АЖ жеке және заңды тұлғаларының шағымдарын қарайды, олардың электрондық есебін жүргізеді, есеп жасайды және тиісті мемлекеттік органға уақытылы ұсынады; басқарма Ережесінің жобасын әзірлейді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Жарғыларын тіркеуге және қайта тіркеуге бақылауды жүзеге асырады; басқармада дайындалатын бұйрықтардың, шарттардың, келісімдердің, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, оларға бұрыштама қояды, қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады; соттарда, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда белгіленген тәртіппен басқарма мүдделерін білдіреді, басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады, сондай-ақ цифрландыру және архивтер саласындағы қызметтің заңдылығын сақтауды қамтамасыз етеді; қызметтік құжаттардың уақтылы орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді; басқарма басшысын, басқарма басшысының орынбасарын, бөлім басшысын, жоғары тұрған органдарды және басқа да адамдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, жүктелген міндеттерге сәйкес есептерді ұсынады; басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшысы айқындаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.shaitova@akimvko.gov.kz
- 22.11.2022
- Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к. 59/1, 409 кабинет Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
8 (7232) 713-314