Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен профилактикалық семинар өтті

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен профилактикалық семинар өтті

2025 жылғы 27 ақпанда облыс әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда масаң күйде болуына жол бермеу, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды қолданудың және оларды қолданған күйде көлік құралын басқарудың алдын алу мақсатында профилактикалық семинар өткізді.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ облыстық цифрландыру және мұрағат басқармасының қызметкерлері қатысты. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасын қалыптастыруға, заң нормаларын сақтауға және мемлекеттік органдардағы тәртіпті нығайтуға баса назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушыларға құқық бұзушылықтардың заңды салдары, мас күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Әдеп нормаларын сақтау және әріптестер арасында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда іс-қимыл тәртібі ерекше назарға алынды.

Ашық диалог форматы қатысушыларға көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты құқықтық жағдайлар бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік берді. Осындай профилактикалық іс-шараларды мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.